Жаңалықтар тізбегі
0

37 жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталып қалды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ұсталғандардың жетеуі топтың негізгі мүшелері, яғни ұрлау, ұрланған малды тасымалдау солардың міндеті болған. Ал, қалған төртеуі – қолды болған малды сатып алушылар.

Алматы облысында мал ұрлығына машықтанған қылмыстық топ өкілдері ұсталды. Қазіргі уақытта оларға 37 жылқыны ұрлады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары өзгенің малын алып, оңай олжаны көздеген топ өкілдерінің жымысқы әрекеттерін әшкереледі. Тергеу барысында қаңтар-ақпан айларында Еңбекшіқазақ, Кеген және Ұйғыр аудандарының аумағында орын алған бірқатар жылқы ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 11 адам ұсталды.

"Ұсталғандардың жетеуі топтың негізгі мүшелері, яғни ұрлау, ұрланған малды тасымалдау солардың міндеті болған. Ал, қалған төртеуі – қолды болған малды сатып алушылар. Барлығы бір қылмыстық топтың мүшелері, жымысқы әрекеттерін іске асыру кезінде Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрған. Дегенмен, ол да кәсіби із кесушілерден жасырынуға мүмкіндік бермеді. Ұсталғандарға 37 жылқы ұрланған 8 ұрлық жасады деген айып тағылды. Барымташылар ұрланған малдың көбін сойып, етін сатып жіберген. Тексеру барысында тәртіп сақшылары барымташылар алған малдың бір бөлігін тірідей тауып, заңды иелеріне қайтарды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Топ мүшелерінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2020 21:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: