ШҚО-да "снегоход" аударылып, 8 жасар қыз көз жұмды

53news.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 23:48 53news.ru
Оқиғаның анық-қанығы әлі де тексеріліп жатыр.

Глубокое ауданында "снегоход" аударылып, 8 жастағы қыз бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, altaynews.kz хабарлады.

Оқиға туралы ақпарат аудандық полиция бөліміне 5 ақпан күні жеткен.

– Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны 8 жастағы қызымен бірге ауыл маңында "снегоходпен" апатқа ұшыраған. 2012 жылы туған қыз бала дене жарақатын алып, сол жерде көз жұмған, – делінген ПД ақпаратында.

Құзырлы органның мәліметінше, оқиғаның анық-қанығы әлі де тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: