Көкшетауда кафе жанында бір еркекті үш әйел сабап кеткен
Көкшетау қаласында үш келіншек ер адамға дене жарақатын салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 1 наурыз таңғы сағат алты шамасында орын алды. “102” пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің жанындағы төбелес болып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жанжалға 43 жасар ер адам және 38, 41 және 42 жастағы үш әйел адам қатысқан. Олардың барлығы кафеде бірге отырған. Ер адам әйелдер отырған үстелге жақындап, араларында кенеттен жанжал басталған. Мекеме әкімшілігі оларды далаға шығарып жіберген. Жанжал кезінде ер адамға дене жарақаты келтірілген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бап 2-бөлігі, "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.
Күдіктілер тергеуге қатысу туралы қолхатпен босатылды.