Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында заңсыз ауланған балықтың ірі партиясы тәркіленді

Григорий Беденко, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 22:19 Григорий Беденко
Күдіктілер мінген автокөліктен 32 дана Амур ақмарқасы, 24 дана көксерке, 6 дана жыланбас балық, 30 сазан, 44 табан балық, резеңке қайық пен 2 қап тыйым салынған ау табылды.

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жергілікті екі тұрғынға заңсыз балық аулады деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Табиғат қорғау полициясы өзге де мүдделі органдармен бірлескен арнайы шара барысында Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылының маңындағы теміржол өткелінде 28 және 29 жастағы Ұйғыр ауданының екі тұрғынын ұстаған. Ұсталғандар заңсыз балық аулаумен айналысты деген күдікке ілінген

Күдіктілер мінген автокөліктен 32 дана Амур ақмарқасы, 24 дана көксерке, 6 дана жыланбас балық, 30 сазан, 44 табан балық, резеңке қайық пен 2 қап тыйым салынған ау табылды.

Қылмыс құралы деп табылған көлік сот шешімі шыққанға дейін арнайы тұраққа тоғытылды. күдіктілердің ақпаратына сәйкес, олар балықты Іле өзенінің Ұйғыр ауданындағы Қаракүлдек учаскесінде аулаған.

Аталған дерек бойынша қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: