Түркістан облысында ел мінәжат ететін киелі жерді біреулер талқандап кеткен
Хабар 24
Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.
Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірін белгісіз адамдар өртеп, тонап кеткен, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 5 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгені туралы полицияға хабарлаған. Сондай-ақ ол бұзақылардың үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіруде. Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан.
Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript