Жаңалықтар тізбегі
0

Елдімекенді су шайып, 950 тұрғын көшірілді

видеодан кадр видеодан кадр
600 елдімекен қар ерігенде қызыл судың астында қалғалы тұр.

Елімізде су тасқыны мерзімінен сәл ерте басталды. Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан тасып, бірқатар көшелерді су шайған. Сол маңды мекен ететін 950 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Осы тектес 600 елдімекен қар ерігенде қызыл судың астында қалғалы тұр.

Осы олқылықтарды болдырмас үшін, төтеншеліктер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Қар қалың түскен аймақтарды арнайы мамандар тікұшақпен аралап, ақ ұлпаның қалыңдығын бақылауда. Көктем шықса болды, тасқынның астында қалатын ауылдар қарғын суға қаншалықты дайын?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көкшетаудың қақ ортасынан өтетін Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді. Бүгін түнде еріген су автокөлік көпірінен асып кетті. Қазір бұл көшеде жол жабық. Өзен жағалауын жоғарлату жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, көпірдің асты тазартылуда. Бурабай, Зеренді аудандарынан келген қар суы өзен деңгейін 1 жарым метрге жоғарылатты. Қылшақтының бойында 2 мектеп және 200-ге тарта тұрғын үй бар екен.

Мамандардың сөзінше, аймақта бірқатар сақтық шараларынан соң қауіп едәуір сейілген. Дегенмен, босаңсуға болмайды, - дейді. Себебі, жекелеген орындар қиындық келтіруі мүмкін екен. Үйлер мен мектеп маңына құм салынған қаптар қойылып жатыр. Ағын судың, өзеннен жоғары орналасқан Қопа көліне жетуіне, бірқатар кедергілер бар. Ол, қыс бойы жиналған қоқыстар мен қамыстар. Мамандар өзен арнасын осы үйінділерден тазартып жатыр.

Дәулет Шамиғанов, облыстық жедел-құтқару жасағының басшысы:

"Қазіргі кезде, Қылшақты көлінің жиегінде инертті материалдар песоктармен бір метрден үлкен, бойы көтеріліп жатыр. Соның қасынан өтетін жерде бір школ бар, үлкен школ қазір соның қасында тұрмыз. Және де 5-6 үй бар. Үлкен қабатты үйлер, 950 адам тұратын. Соларға кірмейтін жұмыстарды қазір жүргізіп жатырмыз".

Ресублика бойынша, жоғарыда айтылған 600 елдімекенді қажетті бөгендермен қамтамасыз ету үшін 883 техника күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Оны ақпан айының соңында "Көктем-2020" оқу жаттығу жиынын өткізген кезде айтқан болатын.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

"464 қауіпті учаске белгілі, 66 көпір, 852 су өткізу құбырларын оларды күні-түні патруль қарап отыр. 883 техника белгіленіп, біз жаңа белгіленген учаскелерде қызмет жасап жатыр".


Су басу қаупі ең жоғары аймақтардың бірі Шығыс Қазақстан облысы. Ол өңірге биыл қар жылдық нормадан бірнеше есе артық түскенін ескерген төтеншеліктер іске білек сыбана кіріскен секілді. Таулы жерлердегі тоң болып қатып жатқан мұздың қалыңдығын тексеру үшін аймақты тікұшақпен аралауға көшкен.

Апатты болдырмау үшін, облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен 150 млн теңге бөліпті. Тексеріс қорытындысы, бірқатар өзендер мен көлдердің деңгейі еріген қар суынан айтарлықтай көтерілгенін көрсеткен. Қауіпті сейілту үшін 4 ауданда бұрғылау әдісімен 90 мың текше метрге жуық мұз ойылған.

Дмитрий Титов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

"Қыс бойы қатып, жиналған мұзды ою арқылы біз еріген суды өзен арнасынан еш кедергісіз өтуге жағдай жасаймыз. Тасқынның астында қалу қаупі бар елдімекендердің айналасына бөгеттер қойылады. Қажет болса, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріледі.

Айта кетейік, елдімекендерді тасқынның алдын алу үшін республикалық қазынадан 34 млрд теңге бөлінді. Ал, төтенше жағдай бола қалса, тұрғындарды эвакуациялауға 1700-ден астам бекет салынған. Ол жерде 9 мың құтқарушы мен 2 мыңға жуық техника сақадай сай тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: