Польшадан алдырып, ауласына еккен таңқурай көшеттерін түнде біреу ұрлап кетті
vsaduidoma.com
Талғар қаласында көшет ұрысы ұсталды.
Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері ұрланған 50 түп ағаш көшеттерін иесіне қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекші бөлімге Белбұлақ кентінің 42 жастағы тұрғыны, оның ауласынан 50-ге жуық сирек кездесетін ағаш көшеттерінің ұрлағаны туралы арызданған. Ол бұл көшет үлгілерін Польшадағы осы мәдениетті бағалаушылардан әкелген.
"Бір сағат ішінде күдіктіні ұстап, көшеттерді заңды иесіне қайтардық. Күдіктінің зардап шеккен азаматтың 55 жастағы ауылдасы екендігі анықталды. Ол бұл көшеттердің сирек, жоғары өнімді таңқурай түрі екенін біліп, өзінің жер учаскесіне отырғызу мақсатында әдейі ұрлағандығы белгілі болды", - деп хабарлайды Талғар аудандық полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы полиция майоры Сағи Нұрмаханов.
Бұл дерек ҚР ҚК 188-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелді. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.
"Жұмыс барысында күнделікті түрлі қылмыстарды ашуға тура келеді, олардың басым бөлігін ұрлық деректері құрайды. Ұрланған мүлікті тапқан кезде ауыл азаматтарынан шын жүректен алғыс аламыз және бұл біз үшін жоғарғы марапат. Халыққа қызмет ету, біздің қасиетті борышымыз бен парызымыз", - деп толықтырды майор Нұрмаханов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript