Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы "жезөкше қыздар жүретін" монша жабылып қалды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2020 18:21 polisia.kz
Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған.

Алматыда карантин уақытында жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері тапқан сауна ТЖ режимінің талабына қарамастан қызметін жалғастырған.

“Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті — жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттерге қызмет көрсететін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты”, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру) және 476-бап (төтенше жағдай ережелерін бұзу).

“Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз”, – дейді Б.Әбілбеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: