Ұрлыққа түскен үйдің ішімдігін ішіп, ұры сол жерде ұйықтап қалды

relrus.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 19:21 relrus.ru
Қылмыс орнында ұйықтап қалған: өзгенің үйіне кіріп, ішімдік ішкен күдікті ұсталды.

Қарасай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Жаңатұрмыс ауылының 30 жастағы тұрғынының үйіне масаң күйдегі белгісіз адамның кіріп кеткені туралы хабар түскен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 149-бабының 2-тармағы бойынша тергеу басталды.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жеке үйдің бірінші қабатында ұйықтап жатқан ер адамды ұстап, оның 45 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған. Үй иесінің айтуынша, ол үйдің ауласында жүрген, ал оның анасы екінші қабатта үйді жинап жүрген. Үйіне кірген иесі төргі бөлмеде мас күйде ұйықтап жатқан "шақырылмаған қонақты" көрген. Ер адамның қонақ бөлмедегі үй иесінің жинап қойған алкогольдік ішімдіктерін, тәттілерін тауып алғаны және "заңсыз табысын" сол жерде ішіп-жегені белгілі болды. Сонымен қатар, ауылдасы оқиға орнында ұйықтап қалған.

Полицейлер оятқанда масаң күйдегі азамат оқиғаның қалай болғанын және не үшін бұл үйге келгенін түсіндіре алмаған. Есін жинаған күдікті азамат сот шешімі шыққанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс кiру және ол жерде заңсыз тiнту жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-тармағына сәйкес шақырылмаған қонақ сотта жауап беретін болады.

Заңсыз әрекеті үшін ол айыппұл арқалаудан бастап, екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: