Қамалған Руслан Жанпейісовтің адвокатына да әкімшілік хаттама толтырылды
Блогер Руслан Жанпейісовтің адвокаты Закир Асадовқа қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Айта кетсек, 15 сәуірде Руслан Жанпейісовке әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалғаны белгілі болды. Ол 24 тәулікке қамауға алынды.
Асадов Шымкенттегі мамандандырылған әкімшілік сотқа келді. Сот ғимаратынан шыға бере ол Руслан Жанпейісовтің ісіне қатысты түсініктеме бере бастады. Осы кезде Шымкенттің полиция қызметкерлері келіп, Асадовтан төтенше жағдай кезінде қала ішінде жүріп-тұруына болатынын рұқсат қағазын сұрады. Ол онда болмай шықты.
Ары-бері жүруге рұқсат қандай да бір қызметті жүзеге асыру үшін беріледі. Ал ондай рұқсатнама "Сергек Патруль" деректер базасында тіркеліп тұрады екен. Міне, мұнда адвокаттың аты-жөні болмай шықты.
Адвокаттың рұқсаты жоқ екені белгілі болған кезде оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 9-тармағына сәйкес, "Төтенше жағдай тәртібін бұзу" бойынша көлік құралдарының қозғалысын шектеу және тінту жүргізу туралы әкімшілік хаттама толтырылды.
Асадовтың өзі полицияның талабы заңсыз екеніне сенімді, ол бұл арада Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 сәуірде шыққан шешімін алға тартады. Атап айтқанда, бұл құжаттағы 2.17-тармақта адвокаттарға (жеке көлігімен) ресми куәлігін көрсеткеннен кейін қалаға кіруге және ресми куәлігін көрсеткеннен кейін қаладан шығуға рұқсат етілген.