Қарағанды маңында ұшақ құлады

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2020 03:00 inform.kz
Апат орнына Қазақстан Әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды келді.

ҚР Қорғаныс министрлігі МиГ-31 әскери ұшағының құлағанын растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат Қарағанды қаласының аэродромынан оңтүстікке қарай шамамен 20 шақырымдай жерде болды. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін бір қозғалтқышынан өрт шықты. Катапультпен ұшақтан шығу туралы әмір берілгеннен кейін, әскери ұшқыштар ұшақты елдімекендер жоқ алқапқа бағыттап, өздері катапультпен секіріп кетті.

Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен бұл авиациялық апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды.

Апат орнына Қазақстан Әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: