Алматыда тау бөктерінің бір бөлігі опырылып түсті
ktk.kz
Алматының таулы ауданында көшкін болды.
Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында, "Тау-күні" оқу-сауықтыру кешенінің аумағында топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
7200 текше метр толпырақ пен тау жынысы өзен арнасын бөгемей, Кіші Алматы каналына түсті. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
"Көшкін 14-15 сәуірде жауаған жаңбырдың салдарынан болды. "Қазселқорғау" РМҚК мәліметінше, көшкін қаупі әлі де сақталады. Кешен аумағында орналасқан спорт зал, бассейн және ғимараттар қирауы мүмкін", - деп хабарлайды қалалық ТЖД.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қайта көшкін болуы ықтимал учаскелерді анықтады. Сол аумақтың айналасы жолақ лентамен қоршалды. Сондай-ақ, мекеме иесіне қауіпті аймаққа адамдарды жібермеуге және ғимараттарға кіруге шектеу қою туралы хабарлама жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript