Әскери ұшақтың апатты жағдайда қонуы. Қорғаныс министрлігі түсінік берді

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 15:55 gov.kz
Бүгінгі таңда авиациялық оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия Жетігенге аттанды.

Қазақстан әскери-әуе күштерінің С-295 әскери ұшағы Жетігендегі әскери аэродромға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоспарлы тапсырманы орындау кезінде әскери ұшақтың алдыңғы доңғалағында техникалық ақау пайда болған. Экипаж командирі, бірінші дәрежелі ұшқыш, майор Жеңіс Зайнулдинов, командирдің көмекшісі Абылай Ибраев, сонымен қатар борт инженері, майор Кәрім Пахирдинов ақауды жою үшін барлық шараларды қабылдады. Экипаж төтенше жағдайда сауатты әрекет етті. Ұшқыштар ұшақты алдыңғы доңғалақтың тірек қондырғысынсыз қондырды. Ұшақта экипаж мүшелерінен басқа жолаушылар болған жоқ, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Ұшақты қабылдаған жердегі қызмет те кәсіби әрекет етті, ол ұшақ қонатын орын алдын-ала көбікпен бөгіп тастады.

Әуе кемесінің доңағалағының істен шығуына түрткі болған техникалық ақаулардың себептері анықталады. Бүгінгі таңда авиациялық оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия Жетігенге аттанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: