Жаңалықтар тізбегі
0

Карантиндегі Ақтөбеде ер адам әйелін жеті баласымен бірге пәтерінен қуып шықты

user.vse42.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 20:44 user.vse42.ru
Олар тұратын пәтерді отбасыға мемлекет көпбалалы болғаны үшін берген.

Аурып қалу, әлеуметтік оқшаулану және уақытша жұмысынан айрылу қаупі үйде отырғандардың жүйкесіне әсер етіп, оның арты отбасылық зорлық-зомбылықтың арттыруына соқтыруы мүмкін екендігі бірнеше рет айтылған. Тура осындай жағдай Ақтөбеде болды. Ер адам жеті баласы мен әйелін пәтерден қуып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Даулебаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Еріктілер мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша колл-орталық жұмысының нәтижесінде 7 әйел мен 21 балаға көмек көрсетіліп, олар дағдарыс орталығына орналастырылды. Көмек көрсетілгендердің арасында күйеуі үйден қуып шыққан жеті баланың анасы да бар. Ал олар тұратын пәтерді отбасыға мемлекет көпбалалы болғаны үшін берген, қазір уәкілетті органдар бұл отбасындағы мәселелерді шешуге белсене кірісіп жатыр, - деді ол.

Даулембаев колл-орталық үйдегі зорлық-зомбылық туралы бұрын полицияға шағымданған отбасыларға карантин кезінде де қоңырау шалуды жалғастырғанын атап өтті, өйткені зардап шеккендер көбінесе өздігінен хабарласа алмай жатады. Байланыс орталығының телефондары: 8 7132 44 57 89, 44 57 90, 8 707 986 34 60.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: