Куәгерлер әскери ұшақтың апатты жағдайда қону сәтін видеоға түсіріп алған

altyn73.livejournal.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 15:50 altyn73.livejournal.com
Әскери ұшақ апатты жағдайда Алматы облысы Жетіген елді-мекеніндегі аэродомға қонды.

Қазақстан әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы 4 мамыр күні кешкісін Жетігендегі әскери аэродромға қонуға мәжбүр болды. Куәгерлер ұшақтың апатты жағдайда қону сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды zakon.kz "Евразия" Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, елордадан Ақтөбеге бағыт алған әуе кемесінің алдыңғы қондыру шаси істен шыққан. Ұшақ бірден шұғыл қону үшін Алматы облысындағы әскери аэродомға жіберілді. Ұшақтың аман қонуы үшін жердегі әуе қызметі қону алаңын көпіршікпен толтырды. Бақытқа орай, ұшақ жер бауырлай сүйретіліп, шасисіз аман-есен қонды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: