Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда тиран күйеу баласын тартып алып, әйелін үнемі қорқытып ұстаған

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 16:51 Pixabay
Ол көлікте Иринаға: "Қазір құрылыс алаңында апарып байлап, саусақтарыңды бір-бірлеп балғамен сындырамын" деп қоқан-лоқы жасаған.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Иринаны күйеуі ұрып-соғып, баласын тартып алып, полицияға өзіне қатысты іс қозғамауға көндіруге тырысқан. Бірақ оның мұнысынан түк шықпады, оған қатысты үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Немолчи қоры күйеуі аяусыз қорлаған Иринаның оқиғасын айтып берді. Саматпен кездесер алдында әйелдің бес жасар баласы болған. 2018 жылы олар бірге тұра бастайды, осыдан бастап Иринаның өмірі күрт өзгеріп, ол таяқтан көз ашпай қалады. Қашып кетейін десе, ол қолынан келмеген. Күйеуін үнемі ұстап алып, оны қорлап, үркітіп-қорқытып отырған. Тіпті, полицияға шығуға оңтайлы сәт туса да одан көмек болмаған. 2019 жылдың желтоқсан айында Ирина Саматтан екінші баласын босанады. Күйеуі бірден ұлын әйелден тартып алып, белді кәсіпкер - әкесіне беріп жібереді.

Бұл Ирина үшін қатты соққы болды, оған тіпті баласын көрсетпеген де, мұны көтере алмаған ол өз-өзіне қол жұмсауға дейін барған. Оны ауруханада о дүниеден бері қарай қайтарып алған, бірақ баланы сол күйі ешкім қайтармаған. Олар күнде уәде беріп, онысын орындамаған, делінген хабарламада.

Осы жылдың сәуір айында кезекті таяқтан соң әйел төркініне кетіп қалады. 6 мамырда Самат өрт сөндірушілерге арналған баспалдақ арқылы екінші қабатқа көтеріліп, алдынан шыққан енесін ұрып, Иринаны күштеп алып кетеді.

"Сөйтіп оны айдалаға алып барады, жол бойы оған қол жұмсап, балағаттап, "өлтіремін" деп кіжінумен болады. Айдалада Иринаны көліктен шашынан сүйрей алып шығып, жүк салғыштан доңғалаққа арналған кілт темірді де алып, оны әйелдің басы-көзіне қарамай сілтей береді. Жақын жерде шалшық суы бар жар болған, Иринаны соған итеріп құлатады, сөйтіп үстіне тас, қолына тиген басқа заттармен атқылай бастайды. Одан соң Иринаны сол шүңқырға тікесінен тік тұрғызып қойып, оны басынан тепкен. Осындай азаптаудан кейін Иринаны ол қайта көлікке салады. Құрылыс басындағы досына қоңырау шалады. Оған өзінің бара жатқанын ескертеді. Осы кезде ол Иринаға: "Қазір құрылыс алаңында апарып байлап, саусақтарыңды бір-бірлеп балғамен сындырамын" деп қоқан-лоқы жасаған. Ал құрылыс алаңында оларды қолында балғасы мен арқаны бар досы күтіп тұрған. Бірақ ол келе сала, өзін полиция іздестіріп жатқанын біледі", - деп атап өтті қордағылар.

Самат пен досы Иринаны белгісіз жаққа ала жөнеледі, оның қасын тікпек болады. Бірақ әйел оларды олай жасамауға көндіреді. Самат Иринаға шешеңе хабарласып, менде бәрі жақсы деп айт деп бұйырады. Содан соң оны ТЖО-ға алып барады, ол арада Саматтың досы әйелдің шашын жуып, жараларын танып, үсті-басын реттеп, жалға алынған пәтерге алып барады. Ол жерден ерлі-зайыптыны Саматтың әкесі үйіне алып кеткен. Келесі күні полиция қызметкері келіп, оларды полиция бөлімшесіне алып барды.

Немолчи қорының айтуынша, Нұр-Сұлтан ПД Байқоңыр полиция бөлімінде жұмыс істейтін Ерлан есімді полиция қызметкері Иринаны "мені ешкім ұрлаған жоқ, ешкім де ұрып-соқпады" деп түсінік жазуға көндірген.

28 сәуірдегі отбасылық жанжалды қарастырған Есіл полиция бөлімшесінде полиция қызметкері Ерлан да болған, бірақ оған ешкімді жақындатпаған. Сот отырысы өтіп, Самат бес күнге қамауға алынды.

"Саматтың ата-анасы Иринаға ешкімді жолатпай, сөйлестірмей қойған. Осыны байқаған бір полиция қызметкері оларға жақындап келіп, Саматтың әкесінің қолынан Иринаны жұлып алып, қауіпсіз жерге алып барады, сол кезде ғана Ирина ақиқатты толық айтуға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қазір Саматқа қатысты «Үй-жайға заңсыз баса-көктеп кіру», «Адам ұрлау» және «Азаптау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір Ирина Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарауында, балалар оған қайтарылып берілді, олар қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етілді, тәулік бойы күзет қойылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: