Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайдағы қып-қызыл төбелес: Ұзын шашты - қыз болмай шықты

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 21:27 instagram.com
Төбес шығарған "қызды" полиция бөліміне жеткізгенде ғана оның жігіт екені белгілі болды.

Қостанай облыстық ПД желіде жарияланған күзет қызметкерлерінің "қызды" шашынан сүйреген видеосына қатысты түсініктеме берді. Видеодағы таяқ жеген қыз болмай шықты, ол жергілікті жанармай бекетінде төбелес шығарған 32 жастағы ер адам екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде күзет қызметкерлерінің қызды ұзын шашынан көлікке сүйреп әкетіп бара жатқан видеосы тарап жатыр. Видеоның авторлары оның Қостанайда түсірілгенін айтады. Видеода формадағы ер адамның "қызды" шашынан сүйреп, жер сызып бара жатқаны көрінеді. Ол оны көлікке отырғызады. Мұның бәрі күндіз тапа-тал түсте, куәгерлердің көзінше болған. Көлікте "Күзет" деген жазу бар.

Осы оқиғаға қатысты zakon.kz редакциясы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан. Олар бұл видеоның Қостанайда түсірілгенін растапды.

Кеше, 2020 жылдың 13 мамырында, сағат 16.00-де, Абай-Быковский көшесінде орналасқан жанармай бекетінде бір қыз әйнекті сындырып, жақын маңда асфальт төсеп жүрген жұмысшыларға тап беріп, төбелес шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жанармай құю бекетінің операторы дабыл түймесін басып, оқиға орнына "Арыстан" сарбаздары келіп жетті. Қызды ұстамақ болғанда, ол күзетшілерді ұрып-соғып, біреуін бетінен тырнап, екіншісінің құлағын жырған. Қызды полицияның Оңтүстік бөліміне жеткізді. Істі рәсімдеу кезінде қыз деп жүргеніміз астанадан Қостанайға келген 1988 жылғы жігіт екені анықталды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полициядағылар видеоны зерттей келе, ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы, 1 -тармағы, яғни "Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алу қарастырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ жігіттің іс-әрекетіне де материалдар толық жиналып болған соң баға беріледі. Полицияның айтуынша, екі күзетші мен бір жұмысшы өздерінің не қызға, не ұлға ұқсайтын адамнан таяқ жегеніне шағым түсірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: