Бас прокуратура полицей мен прокурор арасындағы әңгіменің аудиожазбасын зерттеп жатыр
prokuror.gov.kz
Тексеру нәтижелері кейін жарияланатын болады.
Бас прокуратура полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіме жазылған аудиожазбаны зерттеп жатыр. Жазбада қызметінен кеткелі жатқан полиция қызметкері прокурордан көмек сұрайды. Прокурор оған ақшаға өтінішін қанағаттандыра алатын адаммен кездестіруге келіседі, деп хабарлайды zakon.kz.
"Әлеуметтік желіде қызметтіне қатысты проблемасын шешіп беруге көмекке жүгінген Маңғыстау облысының полиция қызметкері мен прокурор арасындағы әңгіме көрінетін аудиожазба пайда болды. Осы факті бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеу басқармасы ішкі тексеруді бастады. Аудиожазба зерттелуде, ондағы адамдар анықталып жатыр, олардың әрекеттеріне тиісті баға беріледі, - делінген Бас прокурордың хабарламасында.
Тексеру нәтижелері кейін жарияланатын болады.
Бүгін, 14 мамырда саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram каналында ұзақтығы 21 минутты қамтитын аудио жазба пайда болды. Бұл Ақтау қаласының полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіме деп айтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript