Батыс Қазақстанда әйелін таяқ астына алатын полиция қызметкері үстінен іс қозғалды
Оралда полиция қызметкері әйелін "өлтіремін" деп қоқан-лоқы жасады деген күдікке алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Не молчи қоры Оралда полиция қызметкерінің әйелін үнемі ұрып-соғатынын хабарлады.
Ол әйелін алты жыл бойына таяқтың астына алып келеді. Соңғы рет ол қыркүйектің соңында болған. Ол кезде мұрнын сындырған, дәрігерлер ми жарақатын тіркеген. 16 мамырда ол өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы шағым түсірді. Осындай психикасы тұрақсыз адам қалай полицияда жұмыс істеп жүргені бізді таң қалдырады! Бұл түрімен басқаларды да ол оңдырмайды ғой, біреуді мүгедек етсе не болады? Оған қызметтік тапаншаны қалай сеніп беруге болады? - деп жазды # NemolchiKz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова.
Батыс Қазақстан облысының полиция басшылығы аға лейтенант Жексеновтің бірде әйелін ұрған жайттан хабардар болғандарын айтады. Сол кезде бастығы оған, егер бұл жағдай тағы қайталанса, оны ішкі істер органынан жұмыстан шығаратынын ескерткен.
31 қазанда азамат Алканова БҚО полициясына отбасылық жанжал кезінде өзіне дене жарақатын келтірген Жексеновке қарсы арызданған. Мән-жайды анықтау кезінде Алканова Жексеновке қарсы ешқандай шағымы жоқтығы туралы тағы өтініш түсірді, осыған байланысты сот ісін жүргізу тоқтатылған болатын. Басшылық жалпы жиналыста полиция аға лейтенанты Жексеновке мұндай фактілердің қайталанбауы үшін қатаң ескерту жасады. Сондай-ақ, оның тікелей басшысы, егер бұл жағдай тағы қайталанса, онда ішкі істер органы жұмысынан шығарылатынын жақсылап өзіне түсіндірген, - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
16 мамырда Алканова әлеуметтік желілерде күйеуінің үстінен арызданып, жазба жариялады. Себебі, жұбайы келтірген залалды өтеуден бас тартқан. Сонымен қатар, оның айтуынша, жазба жарияланғаннан кейін күйеуі оған қоңырау шалып, өлтіретінін айтқан.
Полиция "Қорқыту-үркіту" бабы бойынша істі қолға алды, сондай-ақ ішкі тергеу басталды.