Жітіқарада зираттан ішінде жаңа туған шақалақ бар пакет табылды
instagram
Жергілікті полиция мәліметінше, нәресте қайтыс болған. Жаңа туған баланың мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қостанай облысы Жітіқарадағы зират арасынан аққа ораулы шақалақтың өлі денесі табылды. Қазір полиция оның анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Зират арасынан өлі сәбидің табылғаны туралы жазба instagram-да жарияланды. Автордың айтуынша, бала 28-29 мамырға қараған түні табылған, бірақ тура сол кезде баланың тірі немесе өлі болғаны әлі белгісіз болыпты.
Мұсылмандарға арналған зираттан пакет табылды, оның ішінен жаңа туған бала шықты. Ол солайынан шамамен 5-6 сағат жатып қалған. Қазіргі уақытта денсаулығы қалай екені белгісіз, әзірге нәресте тірі ме, жоқ па, оны білмейміз. Құрметті осы баланың анасы, полициядан құтыла алмаймыз, олар ерте ме, кеш пе бәрібір сізді тауып алады, осы жазбаны оқып отырсаңыз тек бір сұрағыма жауап беріңізші, неге бұлай жасадыңыз? - деп жазды автор.
zakon.kz бұл оқиғаға қатысты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Жергілікті полиция мәліметінше, нәресте қайтыс болған. Жаңа туған баланың мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жітіқара ауданының полиция бөліміне Жітіқара қаласының зиратында жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Баланы визуалды тексеру кезінде дене жарақаттары табылған жоқ. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың анасын, сондай-ақ ықтимал куәгерлерді анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript