Шымкентте автовокзал өртенді

shymkent.online, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 23:58 shymkent.online
Автовокзалдың бірінші қабатында аяқ-киім сататын бутиктен өрт шыққан.

Шымкентте "Бекжан" автовокзалы өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, автовокзалдың бірінші қабатында аяқ-киім сатылатын бутиктен өрт шыққан.

9 маусымда сағат 14.10 шамасында Темірлан тас жолындағы "Бекжан" базарының алдындағы автобус вокзалында аяқ-киім бутигі өртенді. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 24 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің ауданы 280 шаршы метрді құрады, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Өрт сағат 15.40-та ауыздықталды. Жарақат алғандар жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: