Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы блок-бекетте зардап шеккен полиция қызметкері ауруханадан шыққалы жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 21:34 zakon.kz
Оның бүгін ауруханадан шығатыны хабарланды.

Алматы облысындағы блок-бекеттегі ойранда қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен полиция қызметкері Ербұлан Сейдәзім үйіне шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"15 маусымдағы науқастың жағдайы жақсарып, тұрақты қалыпта. Есін біледі, аяқ-қолы сау, сұраққа жауап бере алады. Уақытты, айналадағыны бағамдап, тани алады. Неврологиялық симптомдары ақырындап қайтты. Орташа астеновегетативті синдром әлі де сақталуда. Үйіне шығуға дайындалып жатыр" - делінген Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

25 мамырда Алматы облысында бұрын полицей болып жұмыс істеген мас жүргізуші блок-бекетті көлігімен ойрандап, ішінде екі полиция қызметкері болған патрульдік көлікке соғылған. Салдарынан 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның 1994 жылғы әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада қайтыс болды. Үшінші полиция қызметкері - 1994 жылғы туған Ербұлан Сейдәзім жансақтау бөлімінде жатқызылды. Оған нейрохирургтер ота жасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: