Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында блок-бекетте мас жүргізуші кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды

zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 15:16 zakon.kz.
BMW жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматыдағы бақылау-өткізу пунктінде таңертең мас жүргізуші қос полиция қызметкерін қағып, бірі оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Таңертең сағат 05: 26-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта BMW көлігімен жүйткіген 1992 жылғы қала тұрғыны А.А. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста тұрған №4 блок-бекеттің бетон қоршауына бүкіл жылдамдықпен келіп, киіп кетті. Содан көлік инерциясымен кері серпіліп, жырақта тұрған патрульдік көлікті соқты, оның ішінде екі полиция қызметкері болған. Өкінішке орай, жантүршігерлік дене жарақаттарын алған патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін оқыс оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов өте ауыр жағдайда қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Алайда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың да кейіннен есін жинамаған күйі ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

BMW жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"BMW-да полиция қызметкерлерінің өз әріптестерінің бірі болған" деген мәлімет жоққа шығарылды

Жанғазиев Жалғас Сұлтанғазыұлы, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған әке (оқиға орнында қайтыс болды).

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 15:16

Полиция сержанты Абдыканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, артында бір айлық қызы қалды (ауруханада қайтыс болды).

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 15:16

Алматы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған әріптестерінің туыстарына, олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

Желіде алматылық полиция қызметкерлері көз жұмған жол апаты орнының видеосы пайда болды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: