Таразда Үкімет басшысы мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған

weproject.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 00:08 weproject.media
Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

Таразда Премьер-Министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған. Оның себептері туралы "Қазәуеқұтқару" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында Премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған. Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған. Ұшу нұсқаулығына сәйкес, тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды", - деп хабарлады "Қазәуеқұтқару" АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: