Мәскеуде қаржы пирамида ісіне қатысты Қазақстан азаматы ұсталды
Vse42
Келтірілген шығын көлемі 20 млрд теңгеден асып кеткен.
Мәскеуде қаржы пирамидасы іс бойынша сотқа тартылған қазақстандық ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстаннан қашып кеткен 29 жастағы С. Фролов Ресей полициясына жасалған сұрау бойынша 16 маусымда Ресей астанасында ұсталды.
"Гарант-24", "Выгодные заемы" және "Ломбард" қаржы пирамидалары бойынша салымшылардың ақшасын жымқырғаны үшін ол халықаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша 15 мыңнан астам жәбірленуші анықталды, келтірілген залалдың мөлшері 20 миллиард теңгеден асты. Нұр-Сұлтан қаласының соты күдіктіге қатысты сырттай ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.
Ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, Қазақстан мен Ресей полициясының өзара іс-қимылының арқасында С.Фролов біздің елге беріліп, жауапқа тартылады.
Қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу-жедел тобы Ақтөбеде тергеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript