Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған ер адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда көп қабатты ғимараттың терезесінен құлаған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасындағылар алдында ер адам ауруханаға жеткізілгенін, бірақ жағдайы ауыр екенін хабарлаған.
- 21 маусымда кешке қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына биік ғимараттан ер адамның құлағаны туралы қоңырау келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына барып, зардап шеккен 1989 жылғы ер адамды №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы ауыр болды, ол алған ауыр жарақаттарының кесірінен қайтыс болды, - деді Айжан Иса.
Сол күні аталған мекен-жайда тағы бір оқыс оқиға орын алды. Бұл жолы әйел адам өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген. Ол 8-қабат терезесінен секіріп кетті. 1986 жылғы әйелді №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді: оның жамбас сүйегі сынып, бас сүйегі мен миына жарақат келген. Барлық қажетті медициналық көмек толық деңгейде көрсетілгеннен кейін әйел палатаға орналастырылды, - деді денсаулық басқармасындағылар.
Бұған дейін елордада бір жігіт пен қыз терезеден секіріп кеткені деп хабарланған болатын. Азаматтық қорғау қызметкерлері дер кезінде құтқару жастықшасын тартып үлгергендіктен, қыз соған құлап, қайта серпілгенде жертөленің темір кернезіне барып түскен.
Тақырыпқа орай: Желіде жігітінің артынан 8-қабаттан секірген бойжеткеннің видеосы жарияланды