Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда мас әйел қаққан үшеудің бірі - екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 20:57 әлеуметтік желіден алынды
Қалған жарақаттанушылар Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына жеткізілді.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда мас әйелдің қатысуымен болған жол апаты салдарынан ауруханаға түскендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz "NewTimes.kz" АА-ға сілтеме жасап.

Елордалық ПД мәліметінше, апаттан үш адам зардап шекті, бірақ дәрігерлердің айтуынша, олар төртеу: 19 және 22 жастағы қыздар, 30 жастағы астаналық әйел және 2018 жылғы кішкентай бала.

Ұл бала №2 көп салалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Оның басында жабық ми жарақаты бар, аяғы сынған, травматикалық шок тіркелді. Жағдайы өте ауыр деп бағаланады, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін нәрестені нейрохирургия бөліміне ауыстыру жоспарланып отыр. Қалған жарақаттанушылар Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына жеткізілді, - дейді дәрігерлер.

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 22 маусымында сағат 21: 03-те Нұр-Сұлтан қаласында Мазда автокөлігін тізгіндеген 1986 жылғы әйел Бейсекова көшесінен Қошығұлұлы көшесімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып, 2001, 2002 және 2018 жылғы жаяу жүргіншілерді қаққан. Олар әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға шұғыл жеткізілді. Жүргізуші орташа ауырлықта мас күйінде болған. Кінәлі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: