Мас күйде мотоциклмен жүрген 35 жастағы ақтөбелік ұсталды
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды ескертеді.
Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың қатаюына қарамастан, осындай фактілер тіркелуде.
12 шілде күні сағат 23.10 шамасында полиция қызметкерлері Жиенбаев көшесін патрульдеу кезінде 35 жастағы ақтөбеліктің басқаруындағы мотоциклді тоқтатты. Ер адам бұрын басқару құқығынан айырыла тұра, басқару кезінде жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған азаматтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
13 шілде күні сағат 16:15-те. Некрасов және Жангелдин көшелерінің қиылысында "Тойота Камри" автокөлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесінің бойымен Некрасов көшесінің бас жолына шығып, Әкімжанов көшесіне қарай келе жатқан "Ваз-21140" автокөлігімен соқтығысқан. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. "Тойота Камри" автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам бола тұра,"жеңіл" дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарған. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
13 шілде күні сағат 10.55 шамасында. Спортивная көшесінде орналасқан "Евразия" медициналық орталығы жанында патрульдеу кезінде 28 жасар ақтөбелік жүргізушінің басқаруындағы "VOLKSWAGEN Passat" автокөлігі тоқтатылды. Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарған. Хромтау ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.