СҚО-да Жаңажол ауылы маңында Есіл өзенінде 3 бала суға кетті
16 шілдеде Есіл өзенінде, Шал ақын ауданы Жаңажол селосының маңында, 6 жасөспірім судың қарсы жағасына өтпек болған. (Ені 50-60 метр, өту орнының тереңдігі 1,5 метр). Соңғы болып бара жатқан 1996 жылғы жүзе алмайтын жігіттің аяғы тартылып, су ағысы төменге, терең жерге алып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.
Онша жақсы жүзе алмайтын 2001 және 2002 жылы туған екі жасөспірім көмекке келген. Үшеуі де тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырға түсіп, суға батып кетті.
ТЖ орнына аудандық ТЖ бөлімі, полиция, "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты.
Қаза тапқандарды іздестіру жергілікті халықпен бірлесіп жүргізілді (барлығы 32 адам, 3 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылды).
Қаза болғандардың денелері 17 шілдеде табылды.
Жыл басынан бері 11 адам су құрбаны болды (оның ішінде бір бала), оның ішінде 6 адам суға шомылу кезінде, 1 адам суға батып кеткендерді құтқару кезінде, 1 адам балық аулау кезінде және 3 адам жазатайым оқиға салдарынан (су айдынын кесіп өтуде) қаза тапты.
Соңғы жеті жылда облыс бойынша 180 адам суға кетті, оның 24-і балалар.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды облыс су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға және жүзіп өтуге, мас күйінде және тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Балаларға ерекше көңіл бөліңіз, олардың бос уақытын бақылаңыз, әсіресе су қоймаларына жақын қалдырмаңыз.