Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда полиция шендісі әріптесіне пара алуға көмектесті деген күлікке ілінді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 16:53 zakon.kz
200 мың теңгенің қайда кеткенін ешкім білмейді.

Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция басқармасы тергеу бөлімі бастығының орынбасары Сәлімжан Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс қолға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, ол біреуді сабаған ер адамнан 200 000 теңге алған. Ал жәбірленуші арыз жазып, Орталық ПБ денеге зиян келтіру фактісі бойынша іс қозғаған. Күдікті жазадан құтылу үшін капитан Құдайбергеннің көмегіне жүгінеді. Ал ол, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметі бойынша, тергеуден 200 000 теңге беріп құтылуға болатынын айтқан, деп жазады patriotkaragandy.

Ол кісі Құдайбергенге 200 мың теңге әкеліп берген. Бірақ содан кейін істің берген ақшаға емес, тараптардың татуласуына байланысты жабылғанын біледі.

Ақшаны бекер бергенін түсінген адам Құдайбергенге келіп, 200 мың теңгесін қайтарып беруді талап еткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне қарағанда, полиция қызметкері "Орталық ПБ офицері 200 000 теңгені қайтармай жатыр" деп уақытты созып жүрген.

Сол кезде пара берген адам бірден Орталық ПБ бастығы Штыбинге кіріп, ақшасын алған қызметкерге қатысты қарсы шара қолдануды талап етеді.

- Ал Штыбин осындай мәліметті ести тұрып, қол астындағыларға қатысты қызметтік тергеу жүргізбеді және облыстық полиция басқармасы басшылығына есеп бермеген. Бұл міндеттерге немқұрайлы қарауды білдіреді, - деді облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Бауыржан Құсайынов.

Сол кезде жапа шегуші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегіне жүгінеді. Ол жерде қылмыстық іс ашылды. Бірақ 200 000 теңгенің қайда кеткені белгісіз. Орталық ПБ-дағылардың ешқайсысы ақшаны алғанын мойындамады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: