Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да кешелі бері орман өртеніп жатыр

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 20:56 altaynews.kz
Орманға найзағай түсіп, от шыққан.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы "Асубұлақ" орман шаруашылығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Таулы алқаптағы қылқан жапырақты орман кеше кешкісін тұтанған. Бүгінге дейін 10 гектар жер жанып кетті. Өртті сөндіруге жергілікті 4 орман шаруашылығынан 60-қа жуық маман мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт ошағы таулы беткейде болғандықтан, су тасуға МИ-8 тікұшағы да жеткізілді. Аймақта ала жаздай жауын болмағандықтан, қазір бүкіл дала құрғап тұр. Орманшылардың айтуынша, бұл жолы өрт найзағайдан тұтанған.

Владимир Санаров, "Қазавиа орман қорғау" РМК инспекторы:

– Желдің жылдамдығы секундына 9-дан 12 метрге жетеді. Ал күн райы 30 граусқа дейін күйіп тұр. Таудың жотасы болғандықтан, жер үрлеп жалын тез жайылып кетті. Біз тікұшақпен орманшыларды тез арада жеткізге тырыстық. Әлі толық сөнген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: