Қапшағай тас жолында сиыр қаққан "Мазда" көлігінің жолаушысы көз жұмды
Алматы облысының полициясында сиырды қағу дерегі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға хронологиясын қайталаған полиция қызметкерлері 21-шілде күні сағат 22:27 шамасында 1991 жылғы азаматтың басқаруында болған "Мазда-626" маркалы автокөлігінің "Алматы-Өскемен" автожолымен оңтүстік бағытта қозғалғанын және Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады.
Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның 1990 жылғы жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді.
Алайда, жолаушының алған дене жарақаттарының ауыр болуы салдарынан таңертең ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Ірі қара мал да жол апаты салдарынан жан тәсілім етті.
ЖКО дерегі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Жол-көлік оқиғасының барлық себептері мен жағдайлары сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады.