Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысы Шорнақ ауылында жағдай тұрақталды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2020 00:32 inform.kz
Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесті.

Әлеуметтік желілерде бір топ азаматтар полиция қызметкерінің қатысуымен өздерінің наразылықтарын білдірген бейнежазба таралған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында полиция қызметкерлері алдын алып, тоқтатқан тұрмыстық жанжал орын алды.

Оқиға орнына бірінші болып келген Кентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды жағдайды тоқтату шараларын жүргізді. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардың белсенді бағынбаушылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруын қолдануға жол бермеді. Учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Аталған жайт полиция қызметкерлерімен бірден тоқтатылды. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесті.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 4 азаматты анықтап, ұстады. Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: