Меңдіқара ауданында орман өртеніп жатыр
Қостанай облысының аумағында Меңдіқара ауданында Красносельское ауылынан 2 шақырым жерде "Боровское орман шаруашылығы мекемесі" КММ аумағында орман өртін сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ауданы 5,8 га орман және 14 га орман қорының шабындық жерлері өртенді.
Жоюға "ӨС және АҚЖҚ" ММ жеке құрамнан 1 бірлік тех.және 4 адам, "Бурабай орман шаруашылығы мекемесі" КММ 27 қызметкер және 12 бірлік техника, сондай-ақ құрамында 6 қызметкер, 4 бірлік техника бар ЕӨҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Орман өрті-өрттің орман алқаптарында стихиялық, бақылаусыз таралуы. Орман өрттерінің пайда болуының негізгі себебі-адам қызметі, отты абайсыз пайдалану. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға, сондай-ақ қырағылық танытуға және жану анықталған жағдайда дереу "101"телефоны арқылы хабарлауға шақырады.
Өрттің алдын алу онымен күресуден әлдеқайда оңай!