Есікте із-түссіз жоғалған 79 жастағы тұрғын табылды
ehonews.kz
Ағасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне шұғыл әрі нәтижелі іздестіру жұмыстары мен кәсіби қызметтері үшін алғыстарын білдірді.
Полицейлер із-түссіз жоғалған 79 жастағы Есік қаласының тұрғынының мекенжайын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егде жастағы ер адам ұмытшақтық ауруына шалдыққан екен. Үйінен кеткелі бері қария көше кезіп жүріпті.
"Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы саяжайлардың бірінде тұратын 83 жастағы қарт ана туған ағасының хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арызданды. Әже ағасының отбасы жоқ екенін және олар ұзақ уақыт бірге тұратынын айтты. 22 шілде күні түстен кейін ол үйден серуендеуге шығып, содан оралмады. Владимир ұмытшақтық ауруына шалдыққан, оның ұзақ уақыт болмауының басты себебі тұрғылықты жерін ұмытып қалуы мүмкін екенін айтып, қарындасы ағасының денсаулығына алаңдады", - деді Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Талғат Сейілханов.
Полиция шығарған алғашқы нұсқа бойынша – жоғалған ер адам тірі, бірақ жадындағы кішігірім ауытқуларға байланысты ол үйіне орала алмайды.
"Іздестіру ісі аясында аудандық полиция басқармасы қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Қарындасының бізге кеш хабар бергеніне қарамастан, із-түссіз жоғалған қарияны аман-есен таптық. 4 тамыз күні таңертең оның Талғар қаласындағы мекенжайын анықтадық. Үйінен кеткелі бері Владимир тұратын жері мен тұрақты тамағы жоқ болғандықтан, қаңғыбастыққа салынған. Ең бастысы, аман-есен және сау табылып, жақындарына табысталды. Қарияға ұзақ ғұмыр тілеймін", - деді полковник Сейілханов.
Өз кезегінде, ағасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне шұғыл әрі нәтижелі іздестіру жұмыстары мен кәсіби қызметтері үшін алғыстарын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript