Таразда жасөсіпірімдер TikTok-тағы қыз үшін төбелесіп, пышақтасқан
Жамбыл облыстық ПД
Дүрдараз екеуді ажыратпақ болған үшінші жасөсіпірмге пышақ тиген. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Таразда TikTok-дағы видеоның кесірінен жасөспірімдер төбелесіп, пышақтасқан, деп хабарлайды zakon.kz.
15 тамызда 15 және 17 жастағы екі жасөспірім арасында жанжал туындады. Полицейлердің анықтауы бойынша, жанжалға жігіт пен қыздың қатысуымен түсірілген видео түрткі болған. Дүрдараз екеуді ажыратпақ болған үшінші жасөсіпірмге пышақ тиген. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Жәбірленуші жанжалды шығарған баланың пышақ сілтегенін, одан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Бұл факті Тараз қаласының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы Тараз қаласының 15 жастағы тұрғынын ұстап, болған оқиғаға қатысты барлық қажетті шараларды қабылдауда, соның нәтижесі бойынша алдын-алу шарасын таңдау мәселесі шешілетін болады, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript