Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстанда қазақ жүргізушісімен жанжалдасқан МАИ қызметкері жұмыстан қуылды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2020 17:37 видеодан алынды
Менің бар айыбым - шетел азаматын жазаламағаным. Бұл менің қателігім болды.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Турсунзаде қалалық МАИ қызметкері Ислом Махкамовты қызметінен алды. Әлеуметтік желілерде оның қазақстандық жүргізушімен жанжалдасқан видеосы жарияланған, деп хабарлайды centralasian.org.

ІІМ ақпаратына қарағанда, Махкамовты қызметтен алу туралы бұйрыққа министр екі апта бұрын қол қойған. Мекеме өкілі видео интернетке жарияланғаннан кейін қалалық ішкі істер басқармасында қызметтік тексеру жүріп, бұдан былай Махкамовтың бұл органда жұмыс істеуге құқығы жоқ деген шешім шығарылғанын мәлімдеді.

Екі минөттік видеода МАИ қызметкері жүк көлігін тоқтатып, оның нөмерін шешіп алғанын көруге болады. Қазақстан азаматы екенін айтқан жүргізуші Махкамовтың көлігін бөгеп, біраз жанжалдасқаннан кейін, нөмірді қайта тартып алған. МАИ қызметкері оның атына былапыт сөздер айтқан.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып, қолданушылардың көбі МАИ қызметкерлерінің әрекетін сынға алған.

Ислом Махкамов қазақстандық жүргізуші қатты жылдамдықпен жүргенін, бірақ шетел азаматы болғандықтан оған айыппұл салмағанын жеткізді.

"Мені ішкі істер органдарынан кетірді. Менің бар айыбым - шетел азаматын жазаламағаным. Бұл менің қателігім болды",- деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: