Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да үш тұрғын 6 мың теңге үшін көршісінің итін сойып жеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2020 17:49 видеодан кадр
Полицейлер 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ, оның 38 және 36 жастағы екі сыбайласынан да жауап алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында үш тұрғын итті ұрып өлтіріп, сойып, отқа қақтап жеген. Жаға ұстатарлық жағдай Большая Малышка елді мекенінде болды. Осы оқиғаға қатысты жеті қазынаның қожайыны полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айтуынша, үш ауылдасы оның итін жеп қойған. Ол үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз болған. Соның өтеуі ретінде итін берген. Алайда ауылдастары ол итті үй күзету үшін емес, жеу үшін алған екен. Бұл оқиғаны Есіл жағасында балық аулап отырған екі жасөспірім де көрген. Олар алдымен иттің қыңсылаған дауысын естіп, кейін сол жерден өтіп бара жатқан кезде қаскөйлердің жануарды ағашқа асып, терісін сыпырып мүшелеп жатқандарына куә болған.

Полицейлер 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ, оның 38 және 36 жастағы екі сыбайласынан да жауап алынды. Сезіктілер жасаған әрекеттері үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

"Бұл факт яғни сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімнің ҚР ҚК-нің 316-бабының "Жануарларға қатыгездік жасау" бойынша тіркелді. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Айнұр Балғожанова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: