Жаңалықтар тізбегі
0

"Зорламаған". ШҚО-дағы бала өліміне қатысты тың дерек жарияланды

zr.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 15:25 zr.ru
Қазір полиция бала өлімінің мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының Зубовск кентінде 7 жасар баланың өліміне қатысты мәліметті жергілікті полиция егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Эдуард Жилиевтің денесі бір күн бұрын бала тұрған Зубовск ауылының маңынан табылған. КТК телеарнасы баланы пышақтап өлтіргенін хабарлады.

Қазір полиция бала өлімінің мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

30 тамызда жеті жасар Эдуард Жилиев үйінің ауласында велосипед теуіп жүрген. Бір уақытта бала жоғалып, ата-анасы оны өздігінен іздеп таппаған соң полицияға хабарласқан.

Алтай ауданының полиция бөлімшесіінің жеке құрамы түгелдей баланы іздеуге жұмылдырылды, оған облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері де тартылды.

Ауылдастары баланы жас жігітпен кетіп бара жатқанын көрген. Туыстарының айтуынша, бұл олардың бұрынғы 20 жастағы көршісі.

Бала келесі күні өлі күйінде табылды. Денесінен пышақ жарақаттары анықталды.

Полиция күдікті жігітті ұстады, ол қылмыс жасағанын мойындады. Ресми мәліметтерге сәйкес, балаға қатысты ешқандай жыныстық зорлық-зомбылық болмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: