Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жоғалған 14 жастағы қыз "Алтын Орда" базарынан табылды

kettik.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 17:16 kettik.kz
Іле ауданындағы Междуречинск ауылында тұратын қыз еді.

2020 жылғы 9 тамызда Алматы облысы ПД Іле аудандық ПБ кезекші бөліміне Междуречинск ауылының 56 жастағы тұрғыны 9 сыныпта оқитын 14 жастағы немересінің белгісіз бағытта үйінен кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған. Осы өтініш ресми тіркелгеннен кейін полицейлер жедел түрде жасөспірімді іздеуге кірісті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Із кесушілер қыздың әкесімен және қызды өз қамқорлығына алған апасымен тұратынын, ал қыздың анасы басқа қалада бөлек тұратынын анықтады. Жасөспірімнің үйден кетер алдында әкесі мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік болғаны белгілі болды.

Қызды іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен еріктілер жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеудегі жасөспірім аман-есен 30 тамыз күні Қарасай ауданындағы "Алтын Орда" базарының аумағынан табылды. Қыз дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген және ол жатын орны бар дәмханада тұрып келген.

Аман табылған қызды тәртіп сақшылары үйіне қайтарып, әжесіне табыстады. Қария полицейлердің табанды ізденісі және кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді. Отбасынан қашып кеткен кәмелетке толмаған бала қаңғыбастығы үшін арнайы есепке алынды. Қыздың әкесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі мен 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: