Бейтаныс бойжеткен 45 жастағы ақтөбелік кәсіпкерді 50 мыңға алдап соқты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2020 18:33 Pixabay
Алаяқтардың арбауына түспеңіз!

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Бөгде адамдарға құнды заттарды табыстауда немесе ақшаны беру арқылы қайта тексеріп, қырағылық таныту керек, деп хабарлайды zakon.kz.​

Қыркүйек айының басында 45 жастағы кәсіпкер полиция бөліміне арызданды. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басында бейтаныс қыз бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық жолмен, қайтарымсыз кредит алу үшін көмек көрсету сылтауымен 50.000 теңге сомасында ақшасын жымқырған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы ақтөбелікті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: