Жаңалықтар тізбегі
0

"Көзі жыпылықтап, бір мақұлық отыр". Қостанайда дүкеннен шу шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2020 17:18 видеодан алынды
Дүкен әкімшісі де жылтырдағы мақұлықты көріп, таң қалған.

6 қыркүйекте кешке Қостанай қаласының тұрғыны супермаркеттен тамақ сатып алған, соның ішінде жылтыр қаптамадағы көк-сөк те бар. Таңертең балаға сэндвич жасайын деп әлгі қаптаманы ашқан әйел шыңғырып, жыбырлаған нәрседен бүкіл денесі түршіккен, деп хабарлайды zakon.kz.

- Кешке жылтыр қаптаманы тоңазытқышқа салып қойғанмын. Таңертең оны алып, жапырақтарын суға салып жуа бастадым, сол кезде бір дыбысты естідім. Жылтырдың шытыры шығар деп оны елемедім. Жапырақтарды жайлай бастағанда ыдыстың түбінде бір мақұлық маған қарап, әлдеқандай дыбыс шығарғанын көрдім. Қорыққанымнан шыңғырып жібердім. Қасыма күйеуім жүгіріп келіп: "Бұл жарғанат қой", - деді. Шынымды айтсам, әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Ол мені тістеп алса не болар еді? Көбіне 9 жасар қызымыз салатты өзі алып, тамағын дайындайтын. Егер ол алғанда не болар еді, - дейді әйел "Костанайские новости" басылымына берген сұқбатында.

Таңғы астан кейін ерлі-зайыптылар дүкенге барған. Әрине, дүкен әкімшісі де жылтырдағы мақұлықты көріп, таң қалған. Ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтқан. Сөйткен дүкендегілер тұтынушыға тауарды шығарушыларға хабарласуға кеңес беріп, қандай да бір жауапкершіліктен жалтарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: