Тәжікстанда жас әйел төрт баласын тұншықтырып өлтірген екен

Radioi Ozodi (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2020 22:04 Radioi Ozodi (RFE/RL)
Елдің ішкі істер министрлігі оқиғаны растады. Күдікті қазір қамауда отыр.

Тәжікстанның Хатлон облысында 30 жастағы әйел төрт баласын тұншықтырып өлтірген.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте болған, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрлігі оқиғаны растады. Күдікті қазір қамауда отыр.

Жергілікті билік органындағы дереккөз күдіктінің есімі Назокатхон Тоирова екенін айтты. Дереккөз мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиғадан екі күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне келген. Назокатхонның күйеуі құрылыста істейді, сол күні ол үйде болмаған. 10, 8, 4 және бір жастағы төрт бірдей баласын өлтірген әйел милицияға өзі барған.

Мұндай ауыр қылмысқа баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: