Алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топтарды құрықтау кезіндегі видео жарияланды
видеодан алынды
Жедел-тергеу шаралары әлі жалғасуда.
ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері прокуратурадағы әріптестерімен бірге бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың түп-тамырына балта шапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарындағы шикізатты ұрлау схемасын жасап, ұрланған шикізат алдымен жерасты шағын цехтарда өңделіп, кейін сыртқа тасымалданған. Арнайы операция кезінде полиция контрабанданың үлкен арнасын жауып, 10 адамды ұстады. Оқиға орнынан заттай айғақтар мен техникалық құралдар алынды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жедел-тергеу шаралары әлі жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript