Ақтауда көлік жарылды
![видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 16:48](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-2fb8ab5e-cadf-4479-ad33-bcd558edaaad/800x452.webp)
Жарылыс салдарынан оның жанында тұрған тағы бір көлік зардап шекті.
Ақтауда 27 ықшамаудандағы No67 үйдің жанында тұрған көлік жарылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Lada.kz сайтының хабарлауынша, көлік шамамен сағат 17:30 шамасында өртке оранған, өрт сөндірушілер келгенге дейін көлік ішіндегі газ баллоны жарылған. Өртті сөндіру үшін көбік атқыш "Пурга" қолданылды. Зардап шеккендер жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Nexia көлігі өртенген. Өрттен 5 минут бұрын балалар көліктің жанында ойнап, тіпті оның есігін де ашқан.
Сондай-ақ, өрт оның жанандағы екінші автокөлікті де шарпыған деген мәлімет бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript