Өскеменде той тойлағандар тексеру келгенде терезеден қашты
видеодан кадр
Мейрамханадан шамамен 30 адам шығып кеткен.
Өскеменде тойға келген жұрт тексерушілерден ізін суыту үшін терезелерден секіріп қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаладағы мейрамханалардың бірін тексеруге келген санитарлық дәрігерлер мен полицейлер ғимарат ішіне кіре алмай алты сағат бойы сыртта тұрған. Бір сәтте келушілердің бірінің денсаулығы нашарлап, оған жедел-жәрдем шақыртқан кезде ғана есік ашылған. Осыдан кейін мейрамханадан шамамен 30 адам шығып кеткен. Ал, іште даяршылар дастарханды жинап, жарықты сөндіріп үлгеріпті.
Дегенмен, терезеден секіріп, қашып бара жатқан қонақтар тесерушілердің назарына ілікті.
Гүлнәр Қалибасова, ШҚО Департаменті инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы:
"Бүгінгі таңда полиция департаменті аталған факт бойынша барлық материалдарды жинап, тиісті органға тапсырды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес мейрамхана иесіне 638 940 теңге, сондай-ақ, той ұйымдастырғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript