Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала қайтыс болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 17:17 видеодан алынды
Жолды кесіп өтіп бара жатқанда баланы көлік қаққан.

Түркияның Алания қаласында 9 жасар қазақстандық апаттан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz жергілікті Alanya басылымына сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында (Нұрсұлтан уақытымен 17:00) D-400 тас жолында болған. Жолдан өтіп бара жатқанда баланы көлік қағып кеткен. Бала соққыдан бірнеше метрге ұшып түскен. Ал көлік жанар-жағармай құю бекетіне барып соғылған. Ауыр жарақат алған бала Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, баланы аман алып қала алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: