Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде бірнеше алаяқтық фактілері ашылды

depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 22:38 depositphotos
21 жастағы тұрғын интернет арқылы алаяқтық жасаған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында тауарлар алар кезінде бейтаныс адамдарға ақша қаражатын бермеуге шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбе полицейлері алаяқтықтың кезекті фактілерін анықтады.

1 қазанда полицияға ЖШС-нің бір өкілі алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

2020 жылдың наурыз айының соңында 1979 жылы туылған ақтөбелік арнайы техника – бульдозер, экскаватор, самосвал сату сылтауымен ЖШС-дан 5,5 млн теңге көлемінде ақша алып, алдын ала төлем жасады. Алайда ол уәде етілген техниканы алмаған. Ер адам ұсталып, жасаған ісін мойындады, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

2020 жылдың тамыз айында Әйтеке би ауданының 21 жастағы тұрғыны интернет арқылы алаяқтық жасаған. Ол Қарғалы елді мекенінде бола тұра, қоңырау шалу сылтаумен ақтөбеліктің телефонын сұраған. Содан кейін ол банк қосымшасы арқылы жәбірленушінің телефонынан өз шотына ақша аударған. Шығын 10 мың теңгені құрады. Күдіктіні ұстау шаралары қабылданды.

2020 жылдың тамызында Ақтөбеде тағы бір алаяқтық дерегі орын алды. 27 жастағы ақтөбелік салынып жатқан техникалық қызмет көрсету станциясын газдандыруға рұқсат алу сылтауымен 1979 жылы туылған жеке кәсіпкерге тиесілі 720 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденді, күдікті ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: