Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ ауыздықталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 15:41 polisia.kz
Олар заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

Қарағандыда екі жылдан астам уақыт бойы заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейінгі аралықта 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын пункттерін ұйымдастырып, құрды. Олардан келген кірістің мөлшері 16 миллион теңгеден асқан. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 200-ге жуық ойын жабдықтары заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: