Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 16 жасар қыз өртеніп жатқан үйден үш баланы құтқарып алып шықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 18:51 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Балалардың анасы ауруханада көз жұмды.

Батыс Қазақстан облысында 16 жасар қыз өртеніп жатқан үйден үш баланы құтқарып алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылғы 27 қазан күні сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдың уланған үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды. Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өртсөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 18:51

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: